Тәуелсіздіктің тірегі – жастар

«Жастары белсенді елдің ертеңі еңселі». Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Біржан Құдайбергенов осындай пікірде.

Айтуынша, кейінгі толқын Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидасын ту етуге дайын. Өйткені кемелді елдің болашағын баянды ету өзі секілді жастардың қолында екенін жақсы түсінеді. Бүгінгі күні өңірде білімді, белсенді, жігерлі жастардың қатары артып келеді. Яғни ел үшін ілкімді іс атқарып жүрген жас азаматтардың саны 99 мыңға жуықтаған.

Біржан Құдайбергенов, облыстық мәслихаттың депутаты:

- Жастар – мемлекет болашағы, ел ертеңі. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті заманға сай болуымыз керек. Бүгінгі күні «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып, туған ауылында еңбек етіп жүргендер де жоқ емес.