Қызылорда облысында көпбалалы отбасыларға үй беріледі

Қызылорда облысында көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл бағыттағы жұмыстар әсіресе Сырдария ауданында ерекше қарқын алған. Жыл аяғына дейін үйге мұқтаж жандарға 43 баспананың кілті табысталады.

Гүлбарша Әбдіреева - 7 баланың анасы. 10 жыл бұрын тұрғын үй кезегіне тұрған екен. Бір ай бұрын бұл отбасына Тереңөзек кентінен салынған жаңа баспана бұйырды. 3 бөлмелі, жылы, жайлы. Ең бастысы - өз үйі. Тапқан-таянғанымыз күнкөрістен арылмады. 4 баламның жоғары білім алуына жағдай жасадым. Қалғандары мектепте оқып жүр. Осы уақытқа дейін үй салып алуға мүмкіншілігіміз болмады дейді көпбалалы ана.

Гүлбарша Әбдіреева, Тереңөзек кентінің тұрғыны:

- Бұрын біреудің босағасында тұрған соң бәрі өз үйіңдей болмайды. Қазір арқа басымызды кеңге салып, бір ай болды, емін-еркін, төселіп, үйренісіп қалдық.

Биыл Сырдария ауданында Түгеншеева сияқты 43 көпбалалы отбасы үйлі болады. Ол үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 11 елді мекеннен 33 тұрғын үй салынды. Сондай-ақ Тереңөзек кентінен тағы 10 пәтердің құрылысы аяқталған. Ауданда жаңа үйлер салу жыл соңына дейін жалғаса береді дейді мамандар.

Абзал Көшмырзаев, Сырдария аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда салынып жатқан 20 пәтер. Тағы 20-сы салыну керек. Сонымен осы жылдың аяғына дейін болжаммен 40 үй сатып алыну керек.

Ауданда тұрғындардың жеке тұрғын үй салуына да мүмкіндік жасалып отыр. Бүгінгі күні 329 жер телімі инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған.

Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов