Қайырымдылыққа жиналған ақшадан салық ұстала ма

Қаржы министрлігі қаражат тұрақты түрде аударылатын есепшоттарды тексереміз деді.

Мұндайда қайырымдылық қорларына қайтпек керек деген сауал туады. Науқастардың еміне, мұқтаждардың қажетіне тұрақты түрде қаржы жинап жүрген қайырымды жандар да салық төлеуі керек пе? Осыны білмекке мамандарға хабарластық. Қазір қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов скайп арқылы байланысқа шықты.