Тәуелсіздік - еліміздің басты жетістігі

Ел тәуелсіздігі - Қазақстан халқы үшін ең басты әрі маңызды жетістік. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың пікірінше, Елбасының тәуелсіздікті сақтап қалу туралы көп жылдан бері айтып келуі осыдан болар.

Сондықтан жастар бұл қағиданы естен шығармағаны абзал.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осыдан 100 жыл бұрын Ата Түрік түрік қозғалысына жастарға үндеу жасады. Ол басты екі мәселені көтерген болатын. Ол ел тәуелсіздігі мен жастардың біріге білуі. Алашордалықтар дәл осындай үндеуінде тәуелсіздік, жер мәселесін көтерген болған. Бүгінгі Елбасының үндеуі осы айтылған дүниелерді қамтып, тағы да қандай қауіптер бар, онымен күрестегі басты маңызды мәселелерге жіті және уақтылы тоқталды.

Тілектес Адамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісін депутаты:

- Ел сүю. тарихты сүю, мемлекетті сүю ол әрбір жасқа қойылатын талап. Ол жай ғана лозунг сөз болмау керек. Көп азаматтар Қазақстаннан кетіп жатыр, шетелде оқып жатыр. Бұл негізгі жақсы месседж деп айтуға болады. Өйткені ол жастар келешегіне сену керек, Қазақстанда қалуы керек. Бала-шағасын өсіру керек. Кемел сенім болу керек келешегіне.