Ата Заңды арқалан

1993 жылы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.

АРАЛҒА АРАША

Ал осы жылдың төртінші қаңтарында Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Жиында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен тараптар «Аралды қорғау» халықаралық қорын құру туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін Аралды аялауға арналған ірі жобалар қолға алынды.

ТЕҢГЕ ТАРИХЫ

1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент жарлығы шықты. Үш күннен кейін, яғни 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – төл теңге айналымға енгізілді.