Қазақстаннан Қырғызстанға 243 вагон көмір жеткізіледі

Жақын арада Қырғызстандық ағайын елімізден жеткізілетін Шұбаркөл кенішінің көмірімен жылынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қырғызстанның монополияға қарсы реттеу бойынша мемлекеттік комитеті хабарлады. Қазақстандық отынды жеткізуші компанияларымен жасалған келісімге сәйкес 247 вагон жеткізілуі тиіс. Ал оны сататын отын базарлары демалыссыз жұмыс істейді. Бір тоннасының бағасы 4 мың 600 сом, яғни 23 мың теңгеден аспауы тиіс. Осылай ел билігі көмір тапшылығын қысқартуға ниетті.

Еске сала кетейік, Қырғызстандағы ең ірі көмір кеніші толық күште істемегендіктен, елде қара отын жетіспей жатыр. Үкімет осыдан бір ай бұрын көмір бағасына мемлекеттік реттеу енгізгенімен бағасы өсіп келеді.

Кабыл Уметов Қырғызстанның монополияға қарсы реттеу бойынша мемлекеттік қызметінің маманы:

– Бір тоннаның бағасы 4 жарым мың сомнан аспасын деген бұйрығымыз бар. Ал осы кезде Қара-Кечеден көмір тасымалдайтын фирмалар «көмір жоқ» дейді. Бірақ көліктері бес мың үш жүз сомнан жеке меншік отын базаларына түсіріп жатқанын білеміз. Олар да шығынын ақтау үшін бағасын қосады. Барлығына айыппұл салынды. Бірақ бәрібір бағасы қымбат және тек қосымша.