«Елдіктің жеті тұғыры»: Елбасының қағидаттар жиынтығын зиялы қауым бағалады

«Елдіктің жеті тұғыры». Дәл осындай атаумен жарық көрген Елбасы мақаласын зиялылар жоғары бағалады.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесіне қатысқан сарапшылар мақаланың маңызын  талқылады. Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңіру керек деді.

«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» деген Елбасы оны болашақ ұрпаққа мирас ету ортақ борышымыз екенін баса айтқан. Сарапшылар Қазақстанның ел болып қалыптасу жолында жеткен жетістіктерін де тілге тиек етті.