Итті аяусыз ұрған ер адам көпшіліктен кешірім сұрады

Өз әрекеті үшін өкінген тұрғынның видеосын Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары желіге жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, 22 жастағы жігіт жануарға қатыгездік көрсеткені үшін ұсталған. Күдікті кешірім сұрағанмен жазадан құтылып кете алмайды дейді полицей.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыдағы тұрғын үйдің бірінде итті аяусыз сабаған видео жіліде тарап, халықтың ашу-ызасын келтірген болатын.