Елордада Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс алабының қалған бөлігі газға қосылды

Елордада Агроқалашық пен Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабының қалған бөлігіне табиғи газ жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осылайша, бас қалада көгілдір отын 11 мың үйдің есігіне дейін тартылып берді. Бұдан бөлек, қазір Қазақауыл, Ақбидай шағын аудандары мен Потанин көшесінің ескі бөлігінде де тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный аймақтары да газға қосылады дейді жауаптылар.

Айта кетейік, бас қаланы газдандыру осыдан екі жыл бұрын басталған еді.