434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда ауыл жастарының форумы өтті

  • 108
  • UPD: 14:01, 27.11.2021
Оралда ауыл жастарының форумы өтті

Орал қаласында еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенді жастардың қатысуымен форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мазмұнды шараға «Ауыл» партиясы мұрындық болды. Алдымен көрме жасақталып, бастамашыл жандардың тың жобалары таныстырылды. Жастар бір-бірімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Кейін ашық алаңда қоғамдық мәселелерді талқылады. Әсіресе, жас мамандарды ауылдық жерлерге тұрақтандыру жайы көпшілікті толғандырды. Сонымен қатар кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту, шаруашылықты және инфрақұрылымды одан әрі дамыту тетіктері қаралды.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» ХДП партиясы төрағасының орынбасары:

- Көбі сұрақ қойып жатыр, интернет біздің ауылға неге келмейді деп. Қазір цифровизация дейміз ғой. Ол қалада 3-4 жыл тұрып, соған үйренеді. Ауылға барғанда ондай жағдай жоқ. Сосын сұрақтар туып жатыр, қандай бизнес ашамыз, шағын бизнес деп. Не шаруа қожалықтары бар, қалай көмектесеміз? Ауылды дамытуға осы мәселелер, сұрақтар туып жатыр. Соған біз жауап беріп жатырмыз.

Төлеген Сағиденов, «Ауыл» ХДПП жастар қанатының мүшесі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, мұнда ауыл жастары өздерінің ойын анық әрі нақты жеткізе білуі тиіс. Олардың не нәрсеге құштарлығы бар, қандай нәрсеге талпынысы, икемділігі бар, сол бойындағы қабілеттерді аша білу.

Хабар 24 телеарнасы