434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан тұрғыны үйінің шатырын музейге айналдырды

  • 118
  • UPD: 10:55, 29.11.2021
Түркістан тұрғыны үйінің шатырын музейге айналдырды inform.kz

Музейге 1950 жылдан бері қолданыста болған телефондар мен магнитафондардың және теледидарлар мен фотоаппараттардың жүздеген түрі қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция бөлімі штабының аға инспекторы Сухраб Ирназаров музей жасақтау ісімен 2014 жылдан айналысып келеді. Коллекцияға деген қызығушылығы да сол кезде басталған.

Өзінің айтуынша, көлік қоятын гаражды тазаламақ болған ол керек емес заттарын шатырға шығарып тастаған. Кейін сұрыптап, қажеттілерін жинақтау барысында кейбір құнды бұйымдарды сақтап, жинауға көңілі ауған. Сөйтіп өзі тұрған үйдің шатырына арнайы сөрелер жасап, жинаған бұйымдарын сонда іліпті.

Бүгінде Сухрабтың музейінде 250-ден астам фотоаппарат, 700-ден аса аудио кассета, 40 келі тиын және теледидар мен сағаттың, магнитафонның түр-түрі бар. Әлемде санаулы ғана таралыммен шығарылған сирек кездесетін техникаларды да Сухрабтың музейінен табуға болады. Коллекционер көне заттардың барлығын ауылдағы «барахолка» аталып кеткен базардан немесе жарнама парақшалары арқылы шет аймақтардан сатып алады екен.

Коллекционер бос уақытында сағат механизмдерінен трансформер көліктерін құрастырады. Ағаштан түрлі бейнелер жасауды жақсы көреді. Ковидке қарсы композиция жасап, музейінің сөресіне іліп қойған. Сондай-ақ полиция шеніндегі жұлдызшалардан қызмет жолын бейнелеген туынды жасапты. Тіпті істен шыққан техникаларды қайтадан қалпына келтіретін шеберлігі де бар. 

Хабар 24 телеарнасы