434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстауда әйел адамды суицидтен құтқарған полицейлер марапатталды

  • 117
  • UPD: 10:55, 29.11.2021
Маңғыстауда әйел адамды суицидтен құтқарған полицейлер марапатталды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы гарнизондық саптық жиын барысында үш полицейге медаль табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Гарнизондық саптық жиында облыстың бас полицейі тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, әскери киім-кешегін тексерді. Сонымен қатар ведомство басшысы жеке құрамға полицияның сервистік моделінің негізгі бағыттары туралы жеткізді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, атап айтсақ взвод командирі Болат Ибрагим және қызмет инспекторлары Бауыржан Сарсенбаев пен Әділ Изанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін полицейлер Ақтауда тоғызыншы қабаттан секірмек болған әйелді құтқарған еді. Полицейлердің қырағылығы мен ептілігі 46 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды. Үздік полицейлерге марапатты гарнизондық саптық жиында департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев табыс етіп, тәртіп сақшыларына қызметтері үшін алғысын білдірді.

«Жұртқа жақын полиция» қағидаты және полицияның сервистік модельге өтуіне сәйкес халықпен қарым-қатынас оң жолға қойылып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты орында болуы тиіс», – деп атап өтті Жанарбек Бақтыбаев.

Хабар 24 телеарнасы