Елорда көшелерінен 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастыруда. Соңғы тәулікте елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде елордада қар жинау жұмысына 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. 26 қарашадан 27-сіне қараған түні ғана елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада барлығы 4 қар полигоны, резервте тағы 6 полигон бар. Олардың әрқайсысында тәулік бойы бейнебақылау мен бақылаудың заманауи жүйесі орнатылған, ол арнайы техниканың мемлекеттік нөмірін кіру және шығу жолдарында, келу уақыты мен күнінде тіркеп тұрады. Бұл жүктің көлемі мен мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді. Осылайша полигон жұмысын тиісті бақылау ауданды санитарлық тазалауға жауапты мердігер ұйымдарды тәртіпке келтіруге және рейстерді тіркеу кезінде