Маңғыстау облысында «Қошқар ата» қалдық қоймасын залалсыздандыру қайта жанданды

Маңғыстау облысында «Қошқар ата» қалдық қоймасын залалсыздандыру жұмыстары қайта жанданды.

100 гектар жерге 300 мың текше метр топырақ себілді. Жыл соңына дейін аумағы 259 гектар жерді қазу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ биыл 40 гектар жерге қара сексеуіл егу басталды. Жалпы 2025 жылға дейін қойма айналасында жасыл аймақ жасақтау жоспарланған. Мұнда ұзындығы 15 шақырым болатын 400 мың қара сексеуіл көшеті егіледі.

Айта кетейік, «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің 1-кезеңіне мемлекет қазынасынан 1 млрд теңге бөлінді.

Серік Оразғалиев, мердігер:

- Тиісті аумақты үлгіреміз. Ол шамамен 250-ге жуық гектар болады. Осы жылға бөлінген жұмыстар. Мұның басым көпшілігін жылдың басында өз қаражатымызбен игерген болатынбыз. Енді қазір сол жұмыстарды жалғастыру үстіндеміз.