Қазақстанның үздік университеттері өзбекстандық жастарды оқуға шақыруда

Бүгін Ташкентте Қазақстанның білім беру жүйесіне арналған көрме өтті. Шараға 30-ға жуық жоғарғы оқу орнының өкілдері қатысты. Бүгінде өзбекстандық талапкердің барлығы бірдей өз елінде тегін білім ала алмайды.

Себебі мемлекеттік гранттардың саны аз. Сондықтан мектеп бітірген түлектердің шамамен 10 проценті білімді басқа елдерден іздейді. Еске салайық, қазір қазақстандық 10 университеттің дипломы Өзбекстанда жарамды деп танылған.

Сәния Темірхан, Сәтпаев университетінің қызметкері:

– Алыс мемлекеттегі университеттерге күнде бара алмайсың. Хабарласып, өзі қалайтын ақпаратты осындай көрмеге келіп алса болады. Бұл университет тарапынан оқуға түскісі келетін студенттерге өте тиімді мүмкіндік. Иә, біздің университетте Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерден студенттер бар. Олардың жалпы санын айта алмаймын. Бірақ 20-дан астам мемлекеттің студенттері оқып жатыр.