Елордада жолаушылар автобусқа сыймай жатыр.LIVE

Əсіресе қалада таңғы және кешкі уақыттағы қарбалас сәтте автобусқа міну мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мәселе қашан шешіледі? Жауапты компания не дейді? Әсіресе қандай бағыттағы автобуста жолаушылар ерекше көп екен?

Арна тілшісі Қорған Қонысбайұлы тікелей эфирден мәселенің мән-жәйін баяндайды.

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

– Елорданың сол жағалауындағы барлық бағытқа қатынайтын автобустарда адамға лық толы деуге болады. Осы жерге келгенде жұртшылықпен тілдескен еді. Олар «діттеген жерімізге жету қиын, әсіресе таңғы және кешкі уақытта жағдай күрделене түседі» дейді. Бұған енді автобус жетіспейді деп айта алмаймыз. Транспорттық компанияның қоғаммен байаныс жөніндегі қызметтің жетекшісі «транспорт емес жүргізуші тапшы» дегенді алға тарады. 

Қазір менің қасымда Транспорттық компанияның қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева,Науат Азанбаева тұр. Ал енді жүргізуішілердің тапшылығын қалай шешуге болады? Осыдан 2 ай бұрын да осы мәселе өзекті болған. Жүргізушілерді жұмысқа тарту неліктен қиын боп тұр?

Науат Азанбаева, Транспорттық компанияның қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі:

– Екі айдың ішінде мәселе шешілген жоқ. Себебі жүргізушілерді жұмысқа алу үшін оларда жолаушыларды тасымалдайтын 5 жылдық тәжірибе болу керек. Ондай адам Қазақстан бойынша өте аз. Біз тіпті өңірлерге де хабарлама бердік, бірақ әзірге келіп жатқан ешкім жоқ. Бұл мәселе елордада ғана емес бүкіл еліміз бойынша өзекті. Жүргізуші қоғамдық көлікте жетіспейді. Қазіргі таңда 766 жүргізуші тапшы. Біліктілікті арттыру орталығына 549 жүргізуші тіркелді. Оның ішінде биыл қаңтар айынан бастап тек 300 адам ғана келді. Біздің талапқа сай жүргізуші аз. Талап өте жоғары. 869 автобус елорда үшін өте аз. Алайда мыңның үстінде автобус бар, бірақ соның тек 800-дейі ғана жүріп тұр. Жалақы өте жақсы. 300 мың теңгеден жоғары. Енді талапты жұмсарту керек деп ойлаймын. Ең болмаса жұмыс тәжірибесі 3 жылға дейін болса, мүмкін мәселе шешілер ме еді.