ШҚО-да қар көшкіні болу қаупі бар

Шығыс Қазақстандағы таулы аудандарды қар басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Күн райы құбылып тұр. Ылғал қардан көшкін болуы мүмкін. Қазір қауіпті дегенжеті елді мекен анықталды. Сондықтан «Қазселденқорғау» мамандары Қатонқарағай ауданында бір мың текше метр қарды түсірді. Нәтижесінде тау арасындағы туристік нысандар мен 6 елді мекенге төнген қауіп сейілді. Демалыс нысандары мен автокөлік жолдары да тазартылды. Ал жалпы аймақта қар көшкіні болуы мүмкін деген қауіпті 300-ден аса аумақ бар. Ол аумақтарда жыл он екі ай байқаушылар жұмыс істейді. Мамандар жазда сел, қыста қардан болатын қауіпті болжап дер кезінде ақпарат беріп отырады.

Омар Дүзгінбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының жетекшісі:

– Бүгінгі күні 4 профилактикалық жұмыс жүргізілді. Профилактикалық жұмыстың нәтижесінде 1000 текше метр қар көшкіні құлап түсірілді. Бүгінгі күні облыс көлеміндегі қолайсыз жағдайға байланысты облыс тұрғындарын таулы аймаққа шықпауға ескертеміз.