Елордада 1541 жүкті әйел коронавирус жұқтырған

Соңғы 9 айда елордада бір жарым мыңнан астам жүкті әйел коронавирус індетіне шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олардың 320-сында індет белгілері байқалған жоқ. Қалғаны дене қызуының көтерілуі, жөтел, іш, тамақ және бас ауруына шағымданды. Өкінішке қарай, 2 әйел көз жұмды. Олар дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Бұл туралы елордада өткен акушер-гинекологтардың халықаралық конференциясында айтылды. Осы орайда мамандар жүкті әйелдерді үйде өз бетінше емделмей, ауруханаға келіп тексерілу қажеттігін ескертеді. Індетке қарсы вакцина салғызған да жөн, - дейді мамандар

Зайтуна Хамидуллина, медицина университетінің кафедра меңгерушісі:

– Өткен 9 айда қалада үш жүкті әйел көз жұмды. Олардың екеуі коронавирус инфекциясын жұқтырды. Тағы біреуі қатерлі ісікке шалдыққан. Былтырғы көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, 2020 жылы 4 жүкті әйел бақилық болды. Олардың ағзасынан да COVID-19 вирусы анықталды.