Алексей Цой омикрон штамы туралы Facebook парақшасына жазды

Коронавирустың «омикрон» деп аталатын жаңа штамы әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды күрделендіруі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр.

Аурудың жаңа түріне коронавирусқа қарсы вакциналардың да қалай әсер ететіні белгісіз. Зерттеу жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, омикрон штамының адамнан адамға қаншалықты тез жұғатыны анықталып жатыр. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук әлеуметтік парақшасында жариялады. Бұған дейін коронавируспен ауырған адамдар да оны қайта жұқтыруы мүмкін. Ол коронавирустың өзге штамдарынан бөлектеу. Бірақ сынама тест арқылы жаңа штамды жұқтырған адамды анықтауға болады. Қазір омикронды емдеуге арналған үш түрлі дәрі белгілі. Қалған медициналық препараттардың әсері зерттеліп жатыр.