Жастар қозғалысының белсенділері «Елдіктің жеті тұғыры» жинағын талқылады

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Жастар қозғалысының белсенділері елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» жинағын талқылады. 

Дөңгелек үстел форматында өткен кездесуге 40-тан астам жастар қозғалысының көшбасшысы, қоғам қайраткерлері мен спортшылар қатысты. Жас сарапшылар пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымдастырушылар мұндай шараны Қазақстанның басқа да өңірлерінде өткізу қажет дейді.

Олжас Сүлейменов, QAZAQSTAN TEAM республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі:

- Біз мұндай маңызды шараларға ауыл жастарын тартуды жоспарлап отырмыз. Себебі кейде ірі қалаларда өтетін кездесулерге шалғай елді мекендегі жастар қатыса алмай жатады. Біз олар да, жастар саясатына қатысты өз пікірін білдірсе дейміз. Ауыл жастарының арасында таланттар өте көп және біз республикалық жастар ұйымы ретінде оларды анықтап, олардың әлеуетін іске асыруға барлық мүмкіндіктер беруіміз керек.