434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде қысқы дөңгелегі жоқ көлік иелері айыппұл төлейді

  • 148
  • UPD: 10:31, 30.11.2021

Ертеңнен бастап ел аумағында жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл талап бүгін ғана пайда болған жоқ. Бірнеше жылдан бері қойылып келеді. Қысқы дөңгелексіз жүрген көлік иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 14 585 теңге айыппұл салынады. Ал келесі жылы оның көлемі 15 315 теңге болмақ. Жол полициясы мұны қыстың үш айында талап ете алады. Мысалы желтоқсанның бірінен ақпанның аяғына дейін қысқы дөңгелекпен жүру міндет. Айыппұлдан бөлек ескертуге құлақ аспаған жүргізуші көлігінің мемлекеттік нөмірінен де айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы