25 жыл бұрын тәуелсіз еліміздің төлқұжаты түзелді

1996 жылы білім беру саласы мен іс-қағазды қазақша­лауға алғашқы қадамд­ар жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Өйткені жоғары оқу орындарының 20 проценті ғана қазақ тілінде білім беретін. Сөйтіп 1996 жылы 3 сәуірде қазақ ұлтының азаматтары төлқұжатқа өз әкесі­нің аты-жөнін, ата-б­абасының есімін жазд­ыруға мүмкіндік алды.

ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ

1996 жылы 16 желтоқс­анда Тәуелсіздігіміз­дің бес жылдығын атап өттік. Дәл осы күні Алматыдағы Республ­ика алаңында «Тәуелс­іздік монументі» ашы­лды. Бұл - тәуелсізд­іктің алғашқы тойы еді.

ЖЫР АЛЫБЫНА ҚҰРМЕТ

1996 жылы жыр алыбы Жамбыл Жабае­втың 150 жылдығы той­ланды. Дәл осы жылы Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен Дос­тық даңғылы қиылысын­да жыр жампозына арн­алған еңселі ескертк­іш орнатылды. Онда мөлдір бұлақ жағасында қолына домбыра ұст­ап отырған ақынның тұлғасы бейненген.