Елде жаңа штамның вакцинаға төзімділігі зерттеліп жатыр

 

Еліміздің зертханаларында коронавирустың жаңа «Омикрон» штамының клиникалық белгілері ауырлығы мен вакцинаға төзімділігі зерттелуде, деп хабарлайды «Хабар 24». 

 Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Қазіргі таңда «Омикрон» штаммы әлемнің 10-нан астам елінде анықталған. Оның Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап бірқатар елдердің азаматтарының Қазақстанға кіруін шектеу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Дегенмен, Алматы қазір жасыл аймақта. Өткен тәулікте 34 адам ковид жұқтырған. Ұжымдық иммунитет қалада 56,5 процентке жеткен. «Тиісті 70-80 процент ұжымдық иммунитетке 2022 жылдың көктемінде қол жеткіземіз»,-деді Әсел Қалықова. Айта кетейік, Pfizer вакцинасы Алматыда 13 мыңнан астам адамға егілген. Оның ішінде жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер бар. Әсел Қалықова жаңа штаммның таралуына жол бермеу үшін екпе алып санитарлық талаптарды қатаң ұстануға шақырды.

 

Әсел Қалықова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

– Әсіресе қарттарды, созылмалы аурулары бар адамдарды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді вакциналауды ұлғайту қажет. Алматының барлық тұрғындары елде жаңа штамының пайда болуына және таралуына жол бермеу үшін, әсіресе демалыс және мереке күндері, адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн.

 

Сондай-ақ...