434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда республикалық патриоттар форумы өтті

  • 102

Бүгін елордада алғаш рет республикалық патриоттар форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оған 14-18 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды. Форум аясында "Айбын" әскери патриоттық байқауының жеңімпаздары анықталды. Жасөспірімдер тоғызқұмалақ, медициналық жәрдем көрсету сынды аталымдар бойынша бағын сынап көрді. Биыл бұл іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Соңғы 2 жыл ішінде сайысқа 2 мың бала қатысып үлгерді.

Сәуле Ахметова, "Айбын" әскери-патриоттық  жиынының жеңімпазы:

– Өте тамаша, сөзбен айтып жеткізе алмайсың бұл сезімді. Өйткені қаншама қатысушының арасында сенің аты-жөніңді айтқанда, бұл сезімді айтыпжеткізу мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы