СҚО-да кәрізден аққан суды тазалайтын станция салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз суын жабық түрде тазалайтын станция салынып жатыр. Бұл ел бойынша тұғыш жоба. Заманауи нысан Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы – Новоишимское ауылында іске қосылады. Бұл үшін ел қазынасынан 3,3 млрд теңге бөлінген. Енді жобаның артықшылығы неде? Пайдасы қандай? 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Новоишимское ауылында 10 мыңнан аса адам тұрады. Тұрғындардың кәріз қалдықтары ескі құбырлар арқылы, ескі құбырлар арқылы далаға төгілетін. Ол көктем, жаз сайын бықсып сасып, айналаны жағымсыз иіс жайлайды. 

Оны ұмытатын күн алыс емес. 2018 жылы аудан орталығында кәріз суын тазарту станциясы салына бастады. Мұндай нысан еліміз бойынша жоқ. Олай дейтініміз – бұл жерде қалдықтар жабық түрде зарарсыздандырылады. 

Марс Әбдірахманов, құрылыс аумағының бастығы: 

- Бұл Қазақстандағы бірінші проект. Бұдан бұл проекті только Россияда Санкт - Петербург қаласында салынған осындай. Бұл закрытый – жабық очистной сооружение. Мұнда сыртта мынадай далада төгіп жатыр ғой, қазір бізде, ал бұл Қазақстандағы бірінші закрытый, мұнда иіс ауаға ештеңе бармайды. 

Бүгінгі күнге дейін Новоишимское ауылы бойынша 25 шақырым кәріз жүйесі жаңартылып, сорғы станциялары салынды. Нысан тәулігіне 3 мың текше метр су тазалайды. Кәріз қалдығы 4 түрлі сатымен зарарсыздандырады. Қондырғылар Чехия, Ресей елінен алынды. 

Айдын Қазжанов, Ғ. Мүсірепов аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Бұл жобаның бірегейлігі – кәріз қалдықтары бір жерде биологиялық өңдеуден өтіп, ультракүлгінмен зарарсыздандырылады. Яғни еуропалық стандарт бойынша тазартылады. Су соңында Есіл өзеніне ағылады. 

Бәрінен бұрын бұл жобаның экологиялық маңызы орасан зор. Кәріз суын тазарту станциясы келер жылы іске қосылады. Онда тұрғындар жағымсыз иістен біржола құтылады. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов