Шымкентте Елбасының сүйіп орындайтын әндері шырқалды  

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлттың ұлы тұлғасы – Елбасы» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Салтанатты жиында «Үш қоңырдан» бастап «Сәулем-ай», «Беу-айдай» секілді халық әндері орындалды.

Опера әншісі Майра Мұхамедқызының орындауындағы «Бүлдірген» әні залды әуезді әнге бөледі. «Ұлттың ұлы тұлғасы Елбасы» атты мерекелік шарада Тұңғыш Президенттің өмір жолын баяндайтын деректі фильм көрсетіліп, мемлекеттің даму жолындағы еңбектері жан-жақты айтылды. Елбасы туралы жазылған кітап көрмесі таныстырылды.

Дария Қожамжарова, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:

– Отыз жылға толы мәртебелі уақыттың ішінде Қазақстан мемлекеті шекарасын бекітті. Ең бастысы Конститутцияға біршама өзгерістер енгізді. Содан бастап Қазақстанның өзгеруі, өсуі, қарықынды дамуы, халықтың ішінде сананың өзгеруіне, қазақстандық моделдің қалыптасуына үлес қосқан біздің тұңғыш Президентіміз еді.