Қостанайда жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашылды    

Жергілікті өңірлік университетпен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған мектепке дейінгі мекеме 250 балаға есептелген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның 200-і мемлекеттік тапсырыс бойынша қалғаны коммерциялық негізде қабылданады. Келісімге сай педагогика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер осында тәжірибеден өтеді. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған. Базалық оқудан бөлек хоре-графия, спорт, бассейн, ментальды арифметикамен айналысуға мүмкіндік бар. Балабақшадағы қауіпсіздік мәселесі де назарда. Ғимараттың іші-сыртында 29 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

– Қазір облысымызда 190 балабақша болса, соның 68-і жекеменшік. Ал Қостанай қаласы бойынша бұл көрсеткіш одан да жоғары. Ол нені көрсетеде, қандай көрсеткішті, яғни қалада кәсіпкерлер белсенді. Олар жекеменшік балабақшаны ашып жатыр. Мынау мемлекеттің берген қолдауларына сүйеніп, тапсырып жатыр.