Алматыда Достық үйі ашылды   

Шаһардағы 215 этномәдени бірлестікті бір шаңырақ астына біріктірген Достық үйі өз жұмысына бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жаңа ғимарат Тұңғыш Президент күніне орай ашылды. Онда 24 кабинет жұмыс істейді. Медиация және қоғамдық келісім кеңесімен қоса қоғамдық қабылдау қарастырылған. Түрлі диаспора өкілдері өздерінің салт-дәстүрлері, мәдениеті мен тілін сақтап, дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастырады. Тіл үйрену бойынша жексенбілік сабақтар болады. Алматы – этникалық және мәдени жағынан бірегей қала. Сондықтан Достық үйі этносаралық диалог, өзара іс-қимыл және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық алаңына айналады.

Сейіт Бабалиев, «Ватандаш» татар мәдени орталығының төрағасы:

– Біз ең алдымен қазақстандық патртотизмді қалыптастырумен айналысуымыз керек. Әрбір азаматтың бойында отансүйгіштік қасиет болғанда ғана ол туған жеріне адал еңбек етуге ұмтылады. Осыны балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында талмай айту қажет. Айтып қана қоймай, іспен дәлелдеген жөн.