Мердігерлер жалпы құны екі млрд теңгенің жолын қайта төсеуге тиіс

Биыл 11 айда елдегі жол құрылысы кезінде бекітілген стандарт сақталмаған 5 жарым мыңнан астам жағдай тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның 3 мың 800-дейі республикалық маңыздағы, 1 мың 800-дейі жергілікті жолдардан анықталған. Сапаны қадағалаушы мекеме тек құрылыс барысы ғана емес, қолданылатын материалдарды тексереді. Мәселен, биыл 26 мың сынама алынды. Оның 7 мыңнан астамы талапқа сай емес екені анықталып, кейбір материалдарды жол құрылысына пайдалануға шектеу енгізілген. Мамандардың айтуынша, талаптың сақталмауына түрлі жағдай себеп болады. Соның бірі – білікті кадр тапшылығы. Бүгінде жол саласында жұмыс істеп жүргендердің тек 12 проценті ғана жол саласы бойынша арнайы білім алған.

Замир Сағынов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» бас директоры:

– Басты проблемасының бірі – инженерлік компания дұрыс жұмыс істемейді. Былтыр біз 12 инженерлік компанияның аттестатын тоқтаттық. Өзіміз ұмыныс бердік мемлекеттік органдарға. Биылғы жылы осы жұмысты жалғастырдық. Қазіргі таңда осы 11 айдың қорытындысы бойынша, 20 мекеменің аттестатын тоқтаттық. Оның 19-ы алты айға. Біреуін үш жылға және бір мекеменің екі жылға аттестатын тоқтаттық.

Сондай-ақ...