434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде видеобақылау камерасы арқылы 14 мың қылмыстың ізі суымай ашылды

  • 82
  • UPD: 21:09, 02.12.2021

Биылғы 10 айда Өскемен қаласында бейнебақылау камерасы арқылы 14 мың қылмыс ізі суымай ашылды.

Бұл қала бойынша тіркелген жалпы құқық бұзу деректерінің 70 проценті. Қазір қаладағы сауда орындары мен ойын-сауық кешендерінде орнатылған бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу жоспары жасалып жатыр. Егер орталық бірыңғай жүйеге қосылса, бұл полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті онлайн режимде бақылауына да мүмкіндік береді. Бүгінде Өскеменде 2 мыңға жуық бейнекамера орнатылған.

Еркін Әнуарбеков, қалалық әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінге дейін 14 мың ұйғарым анықталды. Бұл көшеге қойылған «Сергек» бейнебақылау жүйесінің көмегі ерекше тиді. Жол ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылық сияқты деректерді дер кезінде тіркеуге мол мүмкіндік бар. Сондықтан бұл бейнебақылау жұмысты жүйелеуге септігін тигізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы