Павлодарда еліміздің үздік волонтерлері марапатталды

Еліміздің үздік волонтерлік ұйымдары Павлодар қаласында бас қосты. 17 өңірден келген белсенді азаматтар екі күн бойы тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқылады.

Ауқымды шара шеңберінде «Жыл волонтері» халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды. Оқ бойы оза шауып, қоғамның өміріне белсенді атсалысқан азаматтар 16 номинация бойынша іріктелді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, еріктілер тарапынан 200-ден астам өтініш түсіп, олардың 190-ы алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті. Волонтерлердің қызметін арнайы комиссия мүшелері сараптады. Онлайн дауыс беру де қатар жүргізілді. Нәтижесінде 48 белсенді сыйлықтарға ие болды.

Қайсар Қарқын, «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысу» номинациясы бойынша жеңімпаз:

- Ол әр дәрігердің парызы деп ойлаймын.  Қиын сәтте әр адамға, әр жанға көмектесу. Ол кезде мен қызыл зонада болдым. Қызыл зонада әр ауырып жатқан науқасқа көмектестім. Ол кісілерге оттегі қосуға, дәрілерді тағайындауға, содан кейін дәрілерді енгізуге және кіші медперсоналға көмек көрсеттім.