434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте кардиологтар жүрекке бірегей операция жасады

  • 140
  • UPD: 22:54, 02.12.2021
Шымкентте кардиологтар жүрекке бірегей операция жасады

Шымкенттік кардиологтар жүрекке бірегей операция жасады. Яғни сол жақ қарыншаға механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау арқылы созылмалы жүрек жеткіліксіздігін жоюға қол жеткізді.

Елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізілген тәжірибе алмасуда қос операция да сәтті өтті. Мұндай хирургиялық тәсіл, тіпті жүрек трансплантациясына да балама бола алады. Бірлесіп жүргізілген операцияның арқасында 49 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Науқас инфаркттан соң жүрек жеткіліксіздігіне тап болған еді. Донордың жоқтығынан жүрекке құрылғы қойылып, өмір сүру жасын ұзартуға сеп болды. Төрт сағатқа созылған операциядан соң науқастың жағдайы қалыпты. Дәрігерлер үш күн жансақтау бөлімінде бақылауда ұстап, оңалту бөліміне ауыстырамыз, дейді. Алдағы уақытта оның спортпен де айналысуына болатынын айтады.

Салтанат Андосова, ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың кардиологы:

- Осы жердегі команда өзінің жоғары сапасын көрсетті жұмыс істеген деңгейін. Біз сенімдіміз. Ертең тағы да екінші операция өткіземіз. Тура сондай науқас. Жүрек жетіспеушілігі. Бұл операция өте қымбат. Неге десеңіз, бұл помпа шетелден келген насос. Осындай науқастарды табу, диагностикасын өткізу, көзі жету, что басқа ешқандай шара көмектеспейтін кезде осындай операция өткізіледі. Жасанды жүректі енгізу.

Хабар 24 телеарнасы