Атырау облысында ерекше балық ауға түсті

Атырау облысында балықшылар ерекше балық аулап алды. Қабыршағы жоқ, жылан тәрізді мақұлықты балық деп айтудың өзі қиын.

Су мақұлығы Қиғаш өзенінде кәсіп қылып жүрген балықшылардың көзіне түскен. Бұрын-соңды мұндай балық көрмегендер ихтиолог мамандардан сұрап, оның минога деген балық екенін анықтапты. Минога ағыссыз тыныш суларды мекендейді. Негізінен Ресейдің солтүстігінде, Швеция, Финляндия мен Балтық маңы өзендердінде жиі ұшырасады екен. Өзен миногасы таза суда өмір сүретіндіктен оны судың экологиялық жағдайының көрсеткіші деп те атайды. Балықтар үнемі көзге түсе бермейді, лайға жасырынып тұрады. Түрі қорқынышты болғанымен минога адамға еш қауіп төндірмейді. Балықтың бұл түрі қазір жойылып бара жатқандықтан қызыл кітапқа енгізілген. Оның Қиғаш өзеніне қалай тап болғаны белгісіз.