Ауа райына байланысты Қарағандыда сабақ тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыда мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылды.

«3 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде І және II ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысты» делінген білім басқармасының хабарласында.

Қарағандыда кешелі бері тоқтаусыз жаңбыр жауған. Сол себепті білім басқармасы осындай шешім қабылдады. Қазірде қар араласып жауын жауып тұр. Көктайғақтан көліктердің де қозғалысы қиындаған.