WBA Жәнібек Әлімханұлын топ-10 тізімге кіргізді

WBA нокаутпен жеңістен кейін Жәнібек Әлімханұлын бірден топ-10 тізімге кіргізді. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) нокаутпен жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінің топ-10 тізіміне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

21 қараша Лас-Вегаста (АҚШ) Жәнібек сегізінші раундта әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамды (38-6, 21 КО) нокаутпен жеңді. Ал оған дейін қазақ боксшы қарсыласын бір есеңгіретіп алған болатын. 

Осы жетістік арқасында Әлімханұлы WBA ұйымының орта салмақтағы жаңартылған рейтингінде жеті саты жоғарлап, сегізінші орынға жайғасты

Сондай-ақ...