Қарағандыда «Roboland» инновациялық технологиялар фестивалі басталды

Қарағандыда «роболэнд» робото-техника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі басталды. Осымен 6-шы мәрте өтіп отырған шара өткен жылдары халықаралық дәрежеде өтсе, биыл пандемия салдарынан тек республикалық деңгейді қамтыған. Осыған қарамастан оқушылар «ІТ» саланы ұлттық дәстүрмен байланыстырыпты. 

Робототехника мен ІТ саласында енді қазақтың «теңге алу» ойыны таңсық емес. Шарт бойынша оқушылар жасаған құрылғы жолындағы кубиктерді түгел жинап өтуі тиіс. Мұнда уақытта шеберлік те есепке алынады. Бұл кезеңде 6 мен 7-сыныпта оқитын Рамазан мен Рүстемнің мерейі басым тұр.

«Roboland» – Қарағанды облысының төл бастамасы. Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Мұндағы үздік деп танылған жобалар ең үздік мамандардың жетекшілігімен тағы да толықтырылып, халықаралық байқауларға шығарылатын болады. Биылғы байқауды індет салдарынан бірқатар өзгертуге тура келген.

Гүлдана Нұрсұлтан, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

– Биыл пандемияға байланысты алыс және шетел командалары осы фестивальге келген жоқ, алайда республиканың 11 өңірінен келді. 141 команда бар.

Шоқан Мақамбаев, төреші:

– Жалпы роболэндте 8 бағыт бар, оған 12 командадан 12 қатысушы қатыса алады. Оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығы жылдан-жылға артып келе жатыр. 

Өткен «Roboland»-ке Ресей, Сербия, Өзбекстан, Италия, Польша және Қазақстаннан мыңдаған қатысушы келген болатын. Жоба жыл сайын өзгеріп, жаңа бағыттарды қамтиды. Фестивальде өзгеріссіз қалатын тек электронды қорытындылау жүйесі мен тәуелсіз әділқазылар алқасы.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков