Қостанай тұрғыны жалған шот-фактураларды бергені үшін сотталды

Жалған құжат жарға жықты. Заңсыздық «STOP-обнал» алдын алу шарасы кезінде анықталған.

Сотталған азамат тауарды жеткізбестен шот-фактураларды рәсімдеп отырған.

Гаухар Сапарбаева,  ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Істі болған Жүргімбеков 2018-2020 жылдар аралығында бірнеше компания атынан автокөлік бөлшектері, күнбағыс тұқымы және өзге де тауарлар бойынша жалған мәмілелер жасаған. Ал шын мәнінде әлгі компанияларда материалдың қоры, қойма, көліктер, қызметкерлер штаты мен кәсіпкерлікке қажетті капитал болмаған. Заңсыздық салдарынан мемлекетке 998 миллион теңгеден астам шығын келді. Сот үкімімен Жүргімбеков екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.