Шағын шаруашылықтарға қолдау қажет – сенатор

Шағын шаруашылықтарға қолдау қажет – сенатор

Агро-өнеркәсіп саласындағы субсидиялау бағдарламалары тек ірі компанияларға ғана тиімді. Бүгін сенатор Мұхтар Жұмағазиев осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, шағын шаруашылықтар өнімнің 70 процентін шығаратынына қарамастан, оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары аз. Осы орайда ол меншік нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қолданыстағы субсидиялаудың негізгі тетіктеріне қосуды ұсынды. Сондай-ақ депутат әр өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескеріп, сараланған субсидиялауды қарастыру қажеттілігін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Қазіргі қолданыстағы субсидиялау жүйесінде бірқатар мәселе бар. Президент қыркүйек айындағы өз жолдауында осыған ерекше назар аударған. Сондықтан тиісті министрлік пен «Бәйтерек» холдингі нақты ұсыныстар әзірлеу қажет.