БҚО-да 1295 жасөспірім екпе салдырды

Батыс Қазақстан облысы қазір «жасыл» аймақта, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 15 процентке төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді мамандар. Соңғы үш күнде 32 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте тағы 13 адамнан қатерлі індет анықталды. Бүгінгі таңда 286 науқас амбулаторлық ем алып жатыр. Індеттің білім беру ордаларында таралуы қаупі жоғары. Тек соңғы айда 19 педагог, 6 оқушы мен 1 студент ауруға шалдығыпты. Аймақта Pfizer компаниясының өнімі саналатын «Комирнати» вакцинасымен 1295 жасөспірім егілген.

 Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Білім беру нысандарында 16052 мұғалім жұмыс жасап жатыр. Олардың 13420-сы осы коронавирусқа қарсы вакцина алған. Ағымдағы жылдың 1 қарашасында 19 мұғалім ковидпен ауырған. 3 желтоқсандағы мәліметке қарап, студенттер арасында вакцина алғандардың саны 1 компоннетпен 6136 студент, 2 компонентпен 5982 студент егілді.