ШҚО: экологтар ауадағы зиянды заттарды жедел анықтау құрылғысын сынақтан өткізіп жатыр

Енді Шығыс Қазақстанның эко-ахуалы мобильді экодатчиктер арқылы бақыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемендегі техникалық университеттің ғалымдары америкалық әріптестерімен бірге арнайы құрылғы жасап шығарды. Шағын қондырғылар автокөліктің төбесіне орнатылады. Ол көлік жүріп бара жатқанда да ауа құрамын зерттей алады. Бүгінде қаланың әр бөлігінде ауа құрамын өлшейтін 10 бекет бар. Болашақта осы бекеттердің орнына онлайн жұмыс істейтін жаңа құрылғылар қойылады.

Көлік тура жүрген кезде ауа алдыңғы жағына сорылады да ішінде арнайы датчиктер бар.Толықтай жинақталған мәліметтрдің бәрі өңделеді де нәтиже беріледі.

Бір көліктің үстіне орнатылған шағын құрылғы үлкен бір эко бекеттің қызметін онлайн атқарады. Тіпті ірі өндірістер мен жылыту орталықтарының ауаға қанша мөлшерде улы зат шығарып тұрғанын сол сәтте анықтап береді.

Жасұлан Шаймарданов, Д.Серікбаев атындағы техникалық университетнің ректоры:

– Қазір Өскемендегі әр аумақта қойылған стационарлық бекеттер 10 жылдан астам жұмыс істеді. Ол да пайдалы. Ал енді АҚШ ғалымдарымен бірге жасалған құрылғылардың ерекшелігі ол көлікке орнатылады. Шағын әрі ауаның құрамын бірден көрсетеді

Құрылғының өзінде аккумулятор бар. Энегрия азайған тұста қуаттандырады. Отандық оқымыстылар оны жасау кезінде шығыстың қатал ауа райын де есепке алған.

Симонэ Мора, Массачусетск технология университетінің ғалымы: /АҚШ/

– Бұл құрылғылардың жұмысы өзімізге де қызықты болып тұр. Ауаның ластану деңгейін қадағалайды. Стационарлық бекеттер сол маңды ғана қамтыса, мұның зерттеу аумағы өте үлкен. Оған қоса өте көп қаржы да қажет емес.

Өңірдегі экологтар шетелдік әріптестердің ұсыныс-пікірімен келісіп отыр. Ендігі мәселе қолданысқа енгізу.

Дәулет Асанов, эколог:

– Қазақстанда біздің мониторинг жүйеміз статцинорлық бекеттердегі мониторинг біз соған үйренгенбіз. Көлікке орнатылатын сенсерлер қысқа уақыттың ішінде қаланың бүкіл ауданын жүйелеп, ақпараттарды жинауға, ақпарат алуға болады.

Жаңа құрылғыларды экологтар әзірше сынақтан өткізіп жатыр. Тиімділігі дәлелденсе, келер жылдан бастап қолданысқа енбек.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин