Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедек жандар үшін жол ақысы арзандады

Ақтөбелік зейнеткерлер мен 2 және 3-топ мүгедектері үшін қоғамдық көлікте жүру ақысы екі есе арзандады. 

Енді олар 80 емес, 40 теңге төлейді. Қызмет ақысының жартысы қала бюжетінен жабылады. Ал Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтар, сондай-ақ 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жүру тегін. Мұндай жеңілдікті жүзеге асыру қалаішілік бірқатар бағытты бюджет есебінен субсидиялау арқасында мүмкін болды. Бұл үшін жергілікті қазынадан бір миллиард 300 млн теңге көлемінде қаржы қаралған.

Асхат Шахаров, қала әкімі:

- Тұрғындарымызға арналған жеңілдік мәселесін біз бюджеттен өтейтін боламыз бүгіннен бастап. Электрондық жүйе қалай бізге шығарып береді, сол бойынша акт тапсырылады біздің арнайы бөлімге. Сол акт бойынша біз қаржыны төлейміз.