Қазақстан мен Индонезия вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісті

Қазақстан мен Индонезия  COVID-19 вакцинасының сертификатын өзара тану туралы келісімге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тиісті меморандумға онлайн-форум барысында Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезияның Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин қол қойды. Марат Шоранов индонезиялық әріптестерін QazVac вакцинасын бірлесіп шығаруға шақырып, препараттың экспортын ұйымдастыруға дайынбыз деп мәлімдеді. Бүгінде қазақстандық екпе паспорттарын әлемнің 20 елі мойындаған. Олардың қатарында Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстония бар.