«Бәйтерек» кешенінен зымыран келер жылы ұшады

«Бәйтерек» кешенінен зымыран келер жылы ұшады

Мәскеуде «Ғарыш интеграциясы» деп аталатын Еуразиялық экономикалық одақтың іскер форумы өтіп жатыр.

Жиында Роскосмос мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин «Бәйтерек» жобасы бойынша құжаттама мақұлданғанын мәлімдеді. Енді ұшыру алаңын жетілдіру жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталады. Ал желтоқсанда ғарышқа алғашқы зымыранды жіберу жоспарланған. Ресей зымыран тасушы шығаруға 63 миллиард рубль жұмсамақ. 2020 жылдың қазан айында Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» ғарыш кешенін салу туралы келісім-шартқа қол қойған болатын. Ол ресейлік «Союз-5» зымырандарымен ғарыш апараттарын ұшыруға арналған.

Дмитрий Рогозин,  «Роскосмос» МК Бас директоры:

- Жұмыстар ұшуға үш ай қалғанда, яғни 2023 жылдың тамызына дейін аяқталуы тиіс. Уақыт өте тығыз. Өйткені жер бетіндегі бүкіл технологиялық сынақтарын өткізіп, 2023 жылдың желтоқсанында алғашқы зымыранды ұшыруымыз керек. Ол жүк алмайды, тек барлық жүйені тексеру үшін көлемді макет тиеледі. Ал осыдан кейін ғарыш аппараттарын ұшыра бастаймыз деп ойлаймын.