434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Омикронның» пайда болуымен пандемия аяқталуы мүмкін – вирусолог

  • 155
  • UPD: 21:30, 04.12.2021
«Омикронның» пайда болуымен пандемия аяқталуы мүмкін – вирусолог

Омикрон штамының пайда болуы пандемияның соңғы кезеңі болуы мүмкін. Ресейің Гамалея атындағы орталығының профессоры әрі вирусолог Анатолий Альтштейннің пікірі осындай.

Маманның топшылауынша, омикрон жер жаһанға таралып, басқа мутацияларды ығыстырады. Сөйтіп КОВИД-19 тұмау секілді маусымдық инфекцияға айналуы тиіс дейді ол. Вирусологтың пайымдауынша, енді коронавирустың салдары жеңіл өтуі мүмкін. Ол мысал ретінде омикроннан әлемде бір де бір өлім дерегінің тіркелмегенін келтіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы