Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды

Елде кешелі бері коронавирустан 15, ал пневмониядан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ауруханада жатқан 363 науқастың жағдайы ауыр. 61-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал өткен тәулікте  тағы 695 адам вирус жұқтырды.  Науқастардың көбі Нұр-сұлтан қаласында тіркелген. Қарағандыда 96, Қостанайда 82, Павлодарда 79, ал Алматыда 74 адамнан вирус ПТР-тест арқылы расталды.