Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға болады

Екпені ақылы салғызатындар үшін әзірге тек үш медицина мекемесі дайын тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті. Екпе жасалатын мекемелер Алмалы ауданындағы №5 емхана, Бостандық ауданындағы №7 емхана және Медеу ауданындағы №7 аурухана. Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасын тегін алатын топқа жатпайтын кез келген қала тұрғыны аталған емханаларға барып, ақылы екпе алуға өтініш бере алады. Екпенің қанша тұратыны әзірге белгісіз.