Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Еліміздің сегіз өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал Қостанай облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Елдің оңтүстік батысынан соққан жел, солтүстік батысқа қарай ойысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деген болжам бар. Сондықтан мамандар жолда абай болуды ескертеді.

Сондай-ақ...