Жамбыл облысында жүк тасымалы бастығы 800 мың теңге көлемінде пара алып ұсталды
- 149
- UPD: 11:28, 06.12.2021

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жедел іс-шаралар аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығын әшкереледі.
Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған.
Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Тергеу жалғасуда.
