Ақтөбе облысында заңсыз құмар ойындарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

Құмар ойын бизнесі өзінің кірістілігіне байланысты әрдайым ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін қаржыландырудың қуатты көздерінің бірі болып келді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын бизнесі есебінен қылмыстық топ өзінің қылмыстық әрекетінің басқа түрлерін қаржыландырады.

Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру деректерінің, сондай-ақ қылмыстық топтар қызметінің жолын кесуде.

Мысалы, Ақтөбе облысында аумақтық департамент қызметкерлері құрамында 10 адам - А.Әбубәкіров, З.Әміржанов, А.Дүймұханова, А.Бекназаров, Т.Ізбағанбетов, Ж.Еспамбетов, А.Матаюпов, Қ.Сағынтаев, А.Таржанов, Р.Шаграев бар ұйымдасқан қылмыстық топты жойды.

ҰҚТ мүшелерінің рөлдері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарының бақылаушы-менеджерлері» (ақша қаражатын инкассациялау) болып бөлінді.

Қылмыстық топ Ақтөбе облысының аумағында «Stavkabet.kz» букмекерлік кеңселер түрінде 16 заңсыз ойын мекемелерін - электрондық казиноларды ұйымдастырды

Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылған.

ҰҚТ-ның барлық мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.