425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және зарарсыздандыру жалғасуда

  • 109
  • UPD: 12:42, 06.12.2021
Нұр-Сұлтанда иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және зарарсыздандыру жалғасуда astana.gov.kz

Елордада иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және зарарсыздандыру жалғасуда. Акция осы жылдың 10 желтоқсанына дейін өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  

Қалада 100 мысық пен пен 100 итті зарарсыздандыру және кастрациялау жалғасуда.

Операция INUCOBO Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы беретін талондардың негізінде жүргізіледі. Ұйым мына мекен-жайда орналасқан: Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 52. Сондай-ақ 8-701-012-86-12 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Операцияға қойылатын негізгі талаптар: жануар — мысық немесе ит толығымен сау, құрттардан өңделген, вакцинацияланған болуы керек. Сондай-ақ, процедурадан 4-6 сағат бұрын аштық диетасын ұстауы керек.

Хабар 24 телеарнасы